- ЖАҢАЛЫҚТАР222 просмотров

Covid-19: Атырауда бір тәулікте 2090 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

28 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 2090 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 79 медицина,1 полиция қызметкері,116 педагог, 39 студент, 12 жабық мекеменің, 17 құқық қорғау орган қызметкерлері, 12 мемлекеттік қызметші, созылмалы аурулары бар 79 адам,1735 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 28 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 81 861 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 44 827 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98-02-92 колл-орталықтың нөмері арқылы білуге болады.