Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
29 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1697 тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 66 медицина, 2 полиция қызметкері, 97 педагог, 23 студент, 32 жабық мекеменің, 22 құқық қорғау орган қызметкерлері, 24 мемлекеттік қызметші, созылмалы аурулары бар 100 адам,1331 тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 29 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 83 558 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 46 313 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98-02-92 колл-орталықтың нөмері арқылы білуге болады.