4 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР241 просмотров

Covid-19: Атырауда бір тәулікте 1433 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1433 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында 71 медицина қызметкері, 82 педагог, 18 студент, 8 жабық мекеменің қызметкері, 13 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 8 мемлекеттік қызметші, 78 созылмалы аурулары бар науқастар, 1155 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 23 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 74 875 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 38 695 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98-02-92 колл-орталықтың нөмері арқылы білуге болады.