- ЖАҢАЛЫҚТАР210 просмотров

Covid-19: Атырауда бір тәуілікте 953 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

15 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 953 жергілікт і тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында 21 медицина қызметкері, 32 педагог, 1 полиция қызметкері, 10 студент, 1 жабық мекемнің қызметкері, 2 құқық қорғау орган қызметкерлері, 2 мемлекеттік қызметші, 4 созылмалы аурулары бар науқастар, 880 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 15 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 67 539адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 23 614адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98 – 02 – 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.