1-9 ақпан аралығында Атырау облысында коронавирустық инфекциядан 873 медицина қызметкері екпе салдырды.
«9 күн ішінде облыста 873 медицина қызметкері, оның ішінде 300-ге жуық аудандық емхана қызметкерлері егілді. Вакцинацияланған медицина қызметкерлері жақсы жағдайда. Вакцинациядан кейін ауруханаға жатқызу жағдайлары тіркелген жоқ», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.
Айта кетейік, бұған дейін аймаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1000 дозасы әкелінген болатын. Облыс бойынша барлығы 24 вакцинация пункті ашылды.