Вакцинаның толық кешенін 50 мың адам алды деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. 2 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 3177 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 185 дәрігер, 262 педагог, 53 студент, 61 жабық мекеме , 11 құқық қорғау органдарының қызметкері, 45 мемлекеттік қызметші, 164 созылмалы ауруы бар науқастар, 2396 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 2 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 90 730 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 50 343 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92