Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 564 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Атырау облысында жеті жаңа жағдай анықталып отыр.
Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (245) және Қостанай (63) облыстарында. Павлодарда – 47, Солтүстік Қазақстан облысында – 46, Ақмолада 44 науқас тіркелген. Батыс Қазастан облысында – 26. Одан кейінгі орында Алматы (24) және Нұр-Сұлтан (22) қалалары. Алматы облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 17 адам, Қарағандыда – 14. Жамбыл облысында бес адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ақтөбеде – 2, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 1 науқастан тіркелген.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 117 336 адам
Сондай-ақ, өткен тәулікте 326 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Шығыс Қазақстан облысы (78) мен Ақмолада (67 адам). Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы (62 адам). Павлодарда – 49, Ақтөбеде – 15, Қарағандыда – 14 адам дерттен емделіп шыққан. Жамбыл облысында бұл көрсеткіш 13 адамға, Қызылордада – 11, Алматы облысында 8 адамға тең. Коронавирустан емделгендер саны Атырауда – 4, Қостанайда – 3, Батыс Қазақстан облысында – 2.
Жалпы Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 108 169.