photo 314336
- ЖАҢАЛЫҚТАР347 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА 65 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 32 адам тіркелген.  Теңіз кенішінде 21 адамнан болса, Индер және Махамбет  ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 21 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 30 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас, модульдік стационарда 85, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 262 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта тұр.