4 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР255 просмотров

Covid-19: Атырауда 60 мыңға жуық тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

5 және 6 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 733 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 6 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 59 902 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 22 627 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98 – 02 – 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.