photo 314336
- ЖАҢАЛЫҚТАР135 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА 49 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 9 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 39 адам болса,Жылыой ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 31 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 125 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 60 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 242 адам ем қабылдауда.