69688
- ЖАҢАЛЫҚТАР80 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА 27 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 3 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 24 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 85 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда.