68F9370B 5550 437A A236 781D390054EE
- ЖАҢАЛЫҚТАР65 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА 21 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 10 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 8 адам болса, Исатай – 2, Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 20 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 117 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 65 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 15 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 241 адам ем қабылдауда.