D2D4D45F AF31 4280 963A 0927F5EE004A
- ЖАҢАЛЫҚТАР70 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА 14 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 3 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 9 адам болса, Индер ауданында 2 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 140 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 62 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 16 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 238 адам ем қабылдауда.