0630E755 892D 480D 948A 3DFE515BFD7B
- ЖАҢАЛЫҚТАР364 просмотров

COVID-19: АТЫРАУДА 111 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН

Атырау облысында өткен тәулікте 111  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 29-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 71 жұмысшыдан,  Қызылқоға-2, Жылыой-2,  Индер-1, Исатай-1, Мақат -1, Құрманғазы  ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 26- ында ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 63 адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 166 адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  103
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 41,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 848 адам оқшауланған.
Еске сала кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл аймаққа» енген.