- ЖАҢАЛЫҚТАР323 просмотров

Covid-19: Атырауда 1105 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1105 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында 18 медицина қызметкері, 39 педагог, 1 полиция қызметкері, 9 студент, 2 жабық мекемелердің қызметкері, 10 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 3 мемлекеттік қызметші, 40 созылмалы аурулары бар науқаста, 883 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 14 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 66 587адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 23 505 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98 – 02 – 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.