211017002054754a3849973i
- ЖАҢАЛЫҚТАР126 просмотров

COVID-19: Атырау облысының 312 тұрғыны қайта вакциналанды

Өңірде тұрғындарды COVID-19-дан қорғау үшін қайта вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 қарашадан бастап 312 жергілікті тұрғын қайта вакциналанды.

Қайта вакциналауға жататын адамдардың жалпы саны 2286 адамды құрайды. Бұл 2021 жылғы 1-28 ақпан аралығында «Спутник – V» вакцинасын алған адамдар. Оларға 8 санат өкілдері кіреді: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, студенттер, жабық мекемелердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар.