0630E755 892D 480D 948A 3DFE515BFD7B
- ЖАҢАЛЫҚТАР408 просмотров

COVID-19: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН 62 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 21- і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Қызылқоға  -3, Индер -4, Құрманғазы ауданында 3, Исатай  ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 17-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 13 адам  емделіп шыққан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 254  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  84
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 16,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 364 адам ем қабылдауда.