Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
7 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 3769 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 163 дәрігер, 304 педагог, 77 студент, 32 жабық мекеме , 17 құқық қорғау органдарының қызметкері, 51 мемлекеттік қызметші, 427 созылмалы ауруы бар науқастар, 2698 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 7 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 104 722 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 56 196 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92