Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
8 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 2 933 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 96 дәрігер, 176 педагог, 59 студент, 27 жабық мекеме , 13 құқық қорғау органдарының қызметкері, 74 мемлекеттік қызметші, 587 созылмалы ауруы бар науқастар, 1900 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 8 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 107 655 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 57 682 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92