Сovid-19 және пневмониямен 691 адам инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында 32 адам Covid-19 жұқтырған. Ал, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 13 науқас анықталды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Жылыой ауданының 3, Индер ауданының 1, Құрманғазы ауданының 2, Мақат ауданының 4 тұрғынында қауіпті індет табылған.
Коронавирустық инфекциясы бар 21 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 96 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 1173 адам үй жағдайында, 179 – модульдік ауруханада, 96 – облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 102 – фтизиопульмалогиялық орталықта, 156-аудандық инфекциялық стационарларда, 158 -Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда инфекциялық стационарларда ем алуда.
Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр.