whatsapp image 2021 06 17 at 10.30.11
- ЖАҢАЛЫҚТАР198 просмотров

Covid-19: Атырау облысында бір тәуілікте 3 183 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

12 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 3 183 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 71 дәрігер, 157 педагог, 86 студент, 20 жабық мекеме , 1 полиция, 13 құқық қорғау орган қызметкерлері, 34 мемлекеттік қызметші, 653 созылмалы ауруы бар науқастар, 2 148 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 12 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 118 201 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 62 535 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92