- ЖАҢАЛЫҚТАР32 просмотров

Covid-19: Атырау облысында бір тәуілікте 3 084 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

13 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 3 084 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 85 дәрігер, 180 педагог, 66 студент, 18 жабық мекеме, 14 құқық қорғау орган қызметкерлері, 25 мемлекеттік қызметші, 525 созылмалы ауруы бар науқастар, 2 171 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 13 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 121 286 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 63 946 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92