Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
14 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 2 635 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 46 дәрігер, 178 педагог, 95 студент, 10 жабық мекеме, 5 құқық қорғау орган қызметкерлері, 37 мемлекеттік қызметші, 382 созылмалы ауруы бар науқастар, 1 882 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 14 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 123 912 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 63 946 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92