Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
16 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентін 1604 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында: 27 дәрігер, 77 педагог, 39 студент, 4 жабық мекеме, 2 құқық қорғау орган қызметкерлері, 18 мемлекеттік қызметші, 141 созылмалы ауруы бар науқастар, 1296 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 16 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 126 828 адам «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 69 312 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92