2021 05 24 vaktsina sputnik v
- ЖАҢАЛЫҚТАР181 просмотров

Covid-19: Атырау облысында 170 мыңнан астам тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18 тамыз бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 2 347 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 28 дәрігер, 119 педагог, 152 студент, 24 жабық мекеме, 1 құқық қорғау орган қызметкері, 41 мемлекеттік қызметші, 206 созылмалы ауруы бар науқастар, 1774 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 19 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 170 821 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 123 801 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92