- ЖАҢАЛЫҚТАР223 просмотров

Covid-19: Атырау облысында 135 мың тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC», вакциналарының I компонентін 984 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 26 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 135 668 адам «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 85 834 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92.