- ЖАҢАЛЫҚТАР210 просмотров

Covid-19: Атырау облысында 130 мың тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

20 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC», вакциналарының I компонентін 634 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 20 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 130 401 адам «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 74 988 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92. «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы 22 шілдеде келеді деп күтілуде.