- ЖАҢАЛЫҚТАР185 просмотров

Covid-19: Атырау облысында 125 мыңнан астам тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

15 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентін 1313 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 13 дәрігер, 45 педагог, 24 студент, 5 жабық мекеме, 3 құқық қорғау орган қызметкерлері, 18 мемлекеттік қызметші, 209 созылмалы ауруы бар науқастар, 996 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 15 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 125 222 адам «Спутник V», «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 67 337 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92