- ЖАҢАЛЫҚТАР211 просмотров

Covid-19: Атырау облысында 115 мың тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

11 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1221 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 32 дәрігер, 43 педагог, 11 студент, 2 жабық мекеме , 1 полиция, 7 мемлекеттік қызметші, 254 озылмалы ауруы бар науқастар, 871 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 11 шілде аралығындағы кезеңде барлығы 115 019адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 61 094 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92