istock 679524826 d 850
- ЖАҢАЛЫҚТАР264 просмотров

Covid-19: Атырауда демалыс күндері 1637 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26-27 маусымдағы деректер бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1637 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 27 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 79 793 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 43 173 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98-02-92 колл-орталықтың нөмері арқылы білуге болады.