9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР127 просмотров

COVID-19: 250 мың атыраулықты вакциналау жоспарлануда

Бұған екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ, 18 жастан асқан тұлғалар жатады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлімдеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, өңірде Covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау қарқын ала бастады.

Мәселен, 20 сәуірдегі деректер бойынша «Спутник V» вакцинасының І компонентін 45 атыраулық алды. Оның ішінде, 4 медицина қызметкері, 14 педагог, 5 құқық қорғау органдарының қызметкері, 1 мемлекеттік қызметші және 21 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 19 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының I компонентімен 14887 , II компонентпен 3472 адам егілді.

  • Атырау облысы халқының саны 650 мың адамды құрайды, оның ішінде 250 мың жергілікті тұрғынды вакцинациялау жоспарланған. Бұған екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ,18 жастан асқан тұлғалар жатады , – деді Асхан Байдувалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет.2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа «Спутник V» вакцинасының 15 200 мың дозасы келіп түсті.

Сонымен қатар, 23 сәуірде «Спутник V» вакцинасы I компонентінің 8 мың дозасын аймаққа жеткізу күтілуде.