con
- ЖАҢАЛЫҚТАР594 просмотров

«ЦОН»-да сақтық шаралары күшейтілген

Халық арасында жалпылама түрде «Цон» аталып кеткен «Азаматтарға арналған үкімет» МК Атырау облысы бойынша филиалында кейбір қызметтер қолжетімсіз жағдайда, яғни қағаз жүзінде көрсетіледі. Соған қарамастан, сақтық шаралары жоғары деңгейде жасақталып, осы мекемеден инфекцияны жұқтыру фактісі орын алмаған екен.
Атырау облысы бойынша филиалл басшысының орынбасары Тұрлан Нұржановтың айтуынша, электронды үкімет порталына қолжетімсіз, тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер көрсетіледі. Ал, сақтық шаралары күшейтіліп, осыған орай талап пен жауапкершілік жеңгейі жоғарылатылған.
Айталық, ғимарат ішіне кірген бойда дене қызуы өлшеніп, арақашықтық сақтап, бетпердемен кіру қатаң талап етіледі. Арақашықтықтың арнайы белгілері үстелдерге орнатылған. Әр орынға бір адамнан ғана отырады. Қызметкерлердің баршасы да бетперде киіп қызмет көрсетеді. Нақты сауалдарға тиянақты жауап беріп, келушілердің орталықта ұзақ қалмауына тырысып жүргендері анық. Орталыққа бетпердемен ғана кіру қатаң талап. Мұнда жүргенде де азаматтардың бетпердені дұрыс киіп жүруіне қатаң қадағалау орнатылып, тиісті нұсқаулықтар сол мезетте беріледі. Ал, жұмыс уақыты аяқталған соң қоғамдық орынды залалсыздандыру жұмыстары қолға алынып, қажетті сақтық қарекеттері орындалады.