Жылыой ауданында мыңнан астам тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы онлайн брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді.
– Ауданда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу бойынша түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда 1 420 тұрғын вакцина алды. Тұрғындар арасында вакциналау жұмыстары әлі де жалғасуда. Ауданда 2021 жылдың 4 айы аралығында короновирус инфекциясының 248 жағдайы тіркелді, – деді Хәлел Жамалов.