211115004341718e
- ЖАҢАЛЫҚТАР74 просмотров

Австрия 15 қарашадан бастап коронавирусқа қарсы вакцина алмағандарға локдаун енгізеді

Австрия 15 қарашадан бастап коронавирус инфекциясынан вакцина алмаған адамдар үшін локдаун енгізеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Егілмеген адамдар үйден тек супермаркетке, дәріханаға, мұқтаж адамдарға көмектесу үшін, жұмысқа, серуендеуге бара алады. Шектеулер 12 жастан асқан барлық азаматтарға қатысты. Вена билігі ковидтің таралуына жол бермеу мақсатында шектеулерді күшейтуді жоспарлауда.

Жаппай спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу үшін вакцина алған және аурудан жазылған адамдарда коронавирусқа теріс ПТР тест болуы керек. Мұндай тест тек 48 сағатқа жарамды болады.