«Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін алгоритмге сәйкес, тұрғындарға ерікті түрде екпе салу вакцинаға жауапты медицина мамандары кәсіби оқудан өткеннен кейін ақпан айында басталатын болады», – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыс тұрғындарына вакцина жасау үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 ұйымда орындар дайындалған. Оның 15-і мемлекеттік ұйым, қалғандары – жекеменшік медициналық ұйымдар.
Емханалар вакцина салуды тұрғындардың санына қарай ерікті түрде бастайды. Алгоритмге сәйкес, екпені бірінші кезекте коронавирус инфекциясымен сырқаттанған науқастарға көмек көрсететін медицина мамандарына салу жоспарлануда.