kovid
- ЖАҢАЛЫҚТАР219 просмотров

Атырауға тағы 10 мың доза Vero Cell вакцинасы жеткізілді

Қытайлық коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина аймақтың барлық егу пункттерінде қол жетімді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы, аймаққа Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының 30 мың дозасы келді. 22 тамыздағы мәлімет бойынша қытай вакцинасының I компонентімен аймақтың 1700 тұрғыны егілді.

Естеріңізге сала кетейік, облыстағы барлық егу пункттері демалыссыз жұмыс істейді. Вакцинация бойынша Колл-орталық: 98-02-92