2021 05 24 vaktsina sputnik v
- ЖАҢАЛЫҚТАР349 просмотров

Атырауға «Спутник V» вакцинасының II компонентінің 10 мың дозасы жеткізілді

Оларды өңірдің барлық егу пункттеріне таратады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 10 мың дозасы Ақтөбе қаласындағы фармацевтикалық хабтан жеткізілді. Қазір оларды облыстың барлық егу пункттеріне жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 21 шілдедегі мәліметтер бойынша КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекцияға қарсы вакциналардың II компонентімен 77 109 адам егілді. Өңірде 41 егу пункті жұмыс істейді, олардың 10 – ы жылжымалы медициналық бригада.