«Жаңадан жеткізілген вакциналар әлеуметтік нысан қызметкерлері мен студенттерге арналған», деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Спутник V» вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді. Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарлануда.
Вакциналардың жаңа партиясы әлеуметтік нысан қызметкерлері мен студенттерге арналған. Сондай – ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың сегіз басым санаты бойынша халықты да вакцинациялау жалғасады
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Спутник V» екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді.
- Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, – деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.