bez nazvaniya
- ЖАҢАЛЫҚТАР397 просмотров

Атырауға «Спутник V» вакцинасының 25 500 дозасы жеткізілді

Олар өңірдің барлық егу пункттеріне таратылады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 28 сәуір күні Атырауға Ақтөбе фармацевтикалық хабынан аталған вакцинаның кезекті партиясы әкелінді. Қазір оларды 27 екпе нысаны бойынша бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Бағалы жүк тиісті температуралық режимді сақтай отырып, арнайы мұздатқыш камералы көліктер арқылы тасымалданады.

Соңғы ресми ақпарат бойынша, биыл 1 ақпан мен 28 сәуір аралығында Атырау облысына 63 700 доза жеткізілген. Оның ішінде, қазақстандық “Qazvac” және ресейлік «Спутник V» вакцинасының І компонентімен 20228, II компонентін 5304 жергілікті тұрғын алды.

  • Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы халықты барынша вакцинамен қамту үшін «Baizaar» сауда орталығы мен «Дина»базарында қосымша егу пункттерін ашты. Сондай – ақ, қала бойынша екі жылжымалы мобильді бригада жұмыс істейді,-дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.