whatsapp image 2021 05 12 at 10.21.59 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР292 просмотров

Атырауға «Hayat-Vax» вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді

Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған Sinopharm компаниясының вакцинасы Атырауға жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

11 мамырда аймақтың алғашқы тұрғыны «Hayat-Vax» вакцинасын алды. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, препарат сертификатталған және ерікті негізде вакцинациялауға арналған.

  • Біздің облыста халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Жақында аймаққа БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының «Hayat-Vax «вакцинасының 7500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 дозаны «Медикер Жайық» ЖШС-не жібердік, қалған дозалар қазіргі уақытта қоймада сақталуда және вакцинация пункттері бойынша үлестірілетін болады,- деді А. Байдуәлиев.

Осылайша, қазіргі уақытта Атырау облысының егу кабинеттерінде Qazvaс, «Спутник V» және Hayat-Vax вакциналары қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Hayat-Vax вакцинасының 1 млн. дозасы «Самұрық-Қазына» қоры арқылы сатып алынды.