38 просмотров
2020 11 19 9be34b86 01de 4d37 b6f1 09f06eed00f9
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУДА ЖАҢА ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕР САЛЫНАДЫ

49 / 100

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы баяндады.

– Өздеріңіз білетіндей, Атырауда бас онкологиялық диспансердің ғимараты ескірген, 47 жыл болды. Қазіргі уақытта  жаңа ғимарат салу мәселесі Атырау облысы әкімдігінің басшылығымен талқылануда. Жаңа орталық – науқастардың оңалту сапасын жақсартып, халыққа мамандандырылған онкологиялық көмек көрсетеді. Осының барлығы жоғары технологиялық-диагностикалық әдістемелер мен жабдықтарды пайдалана отырып, заманауи деңгейге сәйкес бір нүктеге тоғыстырылады. Жаңа жобаны екі жыл ішінде жүзеге асыру  жоспарланған, – деді Асхан Мархабайұлы.

37 Просмотры