0313D3CE 6B95 4958 B4C5 D2DBBE2CCCF5
- ЖАҢАЛЫҚТАР355 просмотров

Атырауда Венгрия азаматы Covid-19 індетінен айықты

Өңірде коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 121 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Қауіпті індеттен сауығып шыққандардың барлығы  – Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 36, 31, 29, 36, 29, 22 және 42 жастағы ер адамдар. Сонымен қатар, олардың арасында 60 жастағы Венгрия азаматы да бар.

– Жұмысшыларға  жасалған ем-шарадан соң, тест  нәтижесі коронавирустың жоқ екенін көрсетіп, олар инфекциялық стационардан шығарылды, деп мәлімдеді Жедел штаб.

 Осылайша, Атырау облысында Covіd-19 індетінен жазылып шыққандар саны 121 адамға жетті, оның ішінде 59 адам –  Теңіз кенішіндегі жұмысшылар.