7 4
- ЖАҢАЛЫҚТАР142 просмотров

АТЫРАУДА ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын 1000 медицина қызметкері қабылдады, деп хабарлайды ATPress.kz.

–  1 ақпанда Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. Бүгінде вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Бірінші медицина, мемлекеттік қызметкерлер және санэпидқызмет мамандары арасында жүргізілді. Қалада 725, аудандарда 273 адам вакцинацияланды. Вакцинацияланғандардың арасында ауруханаға жатқызу жағдайлары тіркелген жоқ, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.