19 main 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР498 просмотров

Атырауда Теңіз кенішінің тағы 10 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 203 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы он адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, емделіп шыққандардың барлығы – Теңіз кен орнының қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 49, 49, 24, 32, 42, 52, 53, 43, 26 жастағы тоғыз ер адам және 54 жастағы әйел.

– Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы, өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандардың саны 203 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 128 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.