37 просмотров
799AEDEB 4D36 4B8C 96A0 5740E00CA344
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Теңіз кенішінің алты жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

4 / 100

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 180 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб. 

Атырау облысында тағы алты адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кен орнының жұмысшылары. Атап айтқанда, 40, 21, 39, 27, 28 жастағы бес ер адам мен 46 жастағы әйел. 

– Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты,  өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар жоғын анықтау үшін жасалған соңғы  тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді Жедел штаб. 

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан сауығып шыққандар саны 180 адамға жетті.

37 Просмотры