33 просмотров
fd774aa5cf162c110bfe7a4ddc7a2076 slider 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Теңіз кенішінің 7 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

5 / 100

Өңірде  Covid-19 індетінен айығып шыққандардың саны 233 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан  тағы 7 адам  айығып шыққан.  Жедел штабтың мәліметіне  сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін ер адамдар.

–  Қазіргі уақытта емделіп шыққандардың жағдайы қалыпты, өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында  коронавирустан жазылып шыққандар саны 233-ге жетіп отыр. Оның ішінде  156-ы – Теңіз кенішінің  жұмысшылары.

33 Просмотры