34 просмотров
AB2F49C6 054D 47DF A48E F8EAA8CA9E3A
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Теңіз кенішінің 3 жұмысшысы коронавирустан айықты

5 / 100

Өңірде Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 236 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы үш адам айығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, үшеуі де  – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 27, 33, және 38 жастағы ер адамдар.

– Қазіргі уақытта олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді штабтағылар. 

Осылайша, Атырау облысында қауіпті індеттен жазылып шыққандардың саны 236 адамға жетті.

35 Просмотры