5555 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР435 просмотров

Атырауда Теңіз кенішінің 25 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен айығып шыққандар саны 262 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында 26 адам қауіпті індеттен айығып  шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, емделіп шыққандардың 25-і – Теңіз кенішінің қызметкерлері. Ал, жиырма алтыншы адам – Атырау қаласының 52 жастағы тұрғыны.

– Қазіргі уақытта олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді штабтағылар.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандардың саны 262-ге жетті.