D0073984 A079 4643 8D9B 9A6EC03ECE35
- ЖАҢАЛЫҚТАР472 просмотров

Атырауда Теңіз кенішінің 22 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты


Атырау облысында Covid-19 індетінен айыққандар саны 113 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

 Штаб ақпаратына сәйкес, инфекциялық стационардан  шығарылғандар –  45, 53, 27, 49, 39, 27, 24, 24, 53, 38, 32, 43, 34, 41, 56, 31, 22, 30, 25  және 45 жастағы жиырма ер адам, сондай-ақ 41, 53 жастағы екі әйел.  Барлығы –  Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері.

22 емделушіден  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған  соңғы анализ қорытындысы теріс көрсеткіш көрсеткен. 

 Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар  саны 113 адамға жетті.