41 просмотров
200404112704331a3633697i 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Теңіз кенішінің 17 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

5 / 100

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны  279 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 17 адам жазылып шыққан. Штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін ер адамдар.

–              Қазіргі уақытта емделіп шыққан 17 адам да  өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 279 адамға жетті.

41 Просмотры